Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мешіт тұтас бір ауылдың электр стансасына айналды

Марокка аумағындағы Марракеш қаласының оңтүстігіне қарай бір сағаттық жерде Тадмамет деп аталатын шағын елді-мекен бар. Тауда орын тепкен елді-мекен жақын маңдағы ауылдың өзінен 40 шақырым қашық жатыр, бұл ауылда бар-жоғы 400 адам өмір сүріп жатыр.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Ауыл тұрғындары “қойдың торысын ерттеп мініп” қоңыртөбел тірлік кешкен қарапайым жанда, арпа, картоп және алма өсірумен күнелтеді. Өркениет игіліктерінен жырақ жатқан ауылда, тіпті, күнделікті тірлікте қажетті автокөлік, смартфон дегендер атымен жоқ, ол ол ма, электр жарығы жуырда ғана келген бұл ауылға.

Таяуда аталмыш елді-мекенде елең еткізетін жаңалық болды: жергілікті мешіт күн сәулесінен қуат алатын панелдермен жабдықталды. Оның игілігін күллі ауыл тұрғындары көріп отыр.

Осылайша мешіт тек рухани нұрға кенеліп қоймай, өркениет игілігіне қол жеткізді.

Оқи отырыңыздар:

Өзенге батқан баланы құтқарып қалған күйеу жігіттің суреті жұртты тәнті етті (фото)

Смартфоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектесетін 10 қулық

160 килограммға арықтаған бойжеткен жұрттың мазағына айналды (фото)

Канадалық аюларды үйінен сыпайы түрде шығарып салды (видео)

Талқылау