Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Менің өліміме тергеушіні кінәлаңдар” деп кеудесін тіліп жазған азаматтың ісінен заңсыздық анықталды

Тергеу изоляторында кеудесіне тілгілеп тергеушінің есімін жазған Бауыржан Унерзактың өзі істі болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төбелестен соң уақытша қамауға алынған 29 жастағы Бауыржан Унерзак тергеушінің тегін кеудесіне ойып жазды. Прокуратура тергеу кезінде заңсыздық анықталғанын, төбелеске қатысушыларға іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, жас жігіттерге тоқтау айтқан Бауыржан Унерзак уақытша қамауға алынды. Сол кезде ол кеудесіне тергеушінің тегін жазып, аштық жариялады. Кейін сот шешімімен күдікті уақытша тергеу изоляторынан үйқамаққа шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, күдіктінің келіншегі Арина Нұғманова жедел жәрдем шақырып, бірнеше рет дәрігердің көмегіне жүгінген. Іске прокуратура араласып, тергеу жұмыстарынан заңсыздық анықтады.

«Топпен бұзақылық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабының 2- тармағы бойынша Бауыржан Унерзакқа қатысты іс сотқа жіберілді. Ақтөбе қаласының прокуратурасы дәлел болмаған соң күдіктіге қатысты іс-әрекетті Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабының 3-тармағына ауыстыру туралы қаулының күшін жойды. Тергеу кезінде анықталған заңсыздықтарды жоюға ұсыныс берілді. Қылмыстық іске қатысы бар өзге күдіктілер бөлек өндіріске алынып, оларға іздеу жарияланды»,- деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Тағы да оқыңыз:

Өзіне қол жұмсамақ болған қыздың қалтасынан елбасыға жазылған хат табылды

Қызылордада 6 рет пышақ астына түскен жас ана ауруханада көз жұмды

Астанада түрме қызметкері өзіне қол салды

Талқылау