Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен осыған лайықтымын: 17 жастағы студент “Алматы аруы – 2017” атанды (фото)

17 жастағы студент қыз 400 арудың ішінен оза шауып, “Алматы аруы” атанды, деп хабарлайды Қазақпарат. 

20170910220336_IMG_2431

Финалға 10 қыз іріктеліп өтті. 10 арудың ішінде 17 жастағы Сабина Әзімбаева жеңімпаз атанды. Ол Тұран университетінің студенті. Сабина шығармашылық байқауда басына кесе қойып, ұйғыр биін биледі. Жеңімпазға 10 млн теңге табысталып, «Қазақстан аруы-2017″ байқауына жолдама берілді.

20170912034637

«Қазір ХХI ғасыр. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Осындай байқаулар арқылы біз өзіміздің жастар мәдениетін, сан алуан ұлттардың мәдениетін насихаттаймыз. Финалға дейін экологиялық, спорт, интеллектуалдық бағыттарда көп конкурс болды. Көрермендер оны көрмесе де әлеуметтік желі арқылы қолдау білдіріп отырады», – деді қазылар алқасының төрағасы Совет Сейітов. Биылғы байқау «Сұлулық энергиясы» ұранымен өтті. Кешті тележүргізушілер Данияр Хисметов пен Арай Алдоңғар, қаржыгер  Айжан Аманқұлова, КВН чемпионы Данияр Мақашев жүргізді. Байқауға арнап музыканы Arzuman жазды.

20170910235359_IMG_2548

«Әлем аруында ондаған елдің өкілдері қатысады. Мен біздің қыздар ештеңе ұтпай жүр дегенге қарсы болар едім. 2000 жылы Маргарита Кравцова 1-орын алса, 10 жылдан соң Альфина Насырова үздік алтылыққа өтті. Дина Нұралиева 10-дықта болды. Сабинаның мүмкіндігін арттыру үшін дизайнер Камилла Бахты шақырамыз. Мүмкін шетелдік маманды да тарту керке пе еді. Бірақ ол бюджетке байланысты»,- деді Совет Сейтіов. Алматының ең сұлу аруы туған қаласының намысын қолдан бермейтінін айтты.

20170910223305_IMG_2480

«Әлем аруы байқауында барымды салатын боламын. Мен үнемі байқауларға қатысып келемін. Олардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Алайда жеңетініме үміт бар. Еңбегім зая кетпегеніне қуанып тұрмын», – деді Сабина Әзімбаева.

Тағы да оқыңыз:

Білім министрлігінің кезекті реформасы тағы дау туғызды

Елімізде бензиннің қымбаттауы жүргізушілерді көліктерін тастауға мәжбүрлеп жатыр

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

Талқылау