Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады

Павлодарда оқушы қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды. 30 жастағы Наталья Пекнич енді сот басталғанға дейін тергеу изоляторында отырады, деп хабарлайды КТК.

images

Айыпталушы әйелдің өзі сот отырысы кезінде көз жасын тия алған жоқ. Айтуынша, жолды кесіп өтпек болған жеткіншектерді шынымен аңғармаған. 30 жастағы азаматша бұл қызметте бес жылдан бері жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүріпті. Естеріңізге салсақ, апалы-сіңлілі екі оқушыны 7-ші қыркүйекте трамвай таптап кеткен болатын. 10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген. 8 жасар Маралдың хәлі әлі де ауыр. Енді осыған қатысты тергеу біткенше күдікті әйел қамауда отыруы тиіс.

“Орта білімді, кәмелет жасына толмаған бір балалы, бұрын сотталмаған Натаья Пекничге қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Азаматша Қылмыстық кодектің 345 бабы үшінші тармағы бойынша айыпталып отыр. Соттың бұл шешемін үш күн ішінде бұздыруға шағымдануына болады”, – дейді Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әсет Сүлейменов.

Еске салсақ, адам шошырлық апат кешке Ломов және Катаев көшелерінің қиылысында болған. 2007 және 2009 жылы туған қыздар трамвай астына түсіп, үлкені көз жұмып, кішісі ауруханаға түскен. Трамвайды бес жылдық тәжірибесі бар 30 жастағы әйел басқарыпты.

Зардап шеккен қыздардың анасы күйеуі қайтыс болып, екі баланы өзі тәрбиелеп отырған. Қазір еріктілер бұл отбасыға көмек көрсетіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру «шикі» болып шықты

Қолын аузына салып ысқыра билеген әжей желіде “жұлдыз” болды (видео)

Лос-Анджелес полицейлері Головкиннен бірге суретке түсуді өтінді

Талқылау