Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мен адам өлтірген жоқпын: Қарағандыдағы жанжалға қатысты іздеу салынған жігіт видеоүндеу жолдады

Қарағандыдағы жанжалға қатысты іздеу салынған Нарек Гурурян үндеу жасады.

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасындағы жанжалға қатысты іздеу салынған Нарек Гуруряннің сөзі мынадай:

“Мен Нарек Гурурян, 1997 жылдың 30 наурызында тудым. Біріншіден, қара жамылған отбасына көңіл айтам. Мен ешкімді өлтірген жоқпын. «Древний Рим» мейрамханасында болған төбелеске қатыстым, бірақ ешкімді өлтірген жоқпын. Қазақстан Республикасының билігіне берілгім келеді. Биліктен ашық тергеу жүргізіп, маған қауіпсіздік жасалуын сұраймын. Өз ісім үшін жауап беруге дайынмын. Бірақ біреудің қылмысын өз мойныма алғым келмейді. Мен адам өлтіруші емеспін”, – дейді Нарек Гурурян.

ҚР ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты 8 адам ұсталды. Іздеу шарасы барысында полицейлер тобы іздеу салынған Нарек Гурурянның болуы мүмкін мекен-жайларға аттанды. Нарек Гурурян желіде берілетінін айтып, видеоүндеу жариялағанына қатысты оның жақындарына екі күн бұрын полиция қызметкерлерінің байланыс телефон нөмірі берілді. Алайда бүгінге дейін ешкім хабарласқан жоқ. Іс ІІМ-нің бақылауында.

Еске сала кетсек,  1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды.

Бүгінде 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тағы бір күдіктіге республикалық іздеу жарияланған болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау