Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да әр әкім жылына 23 млн теңге жалақы алады

Министр мен әкім, прокурор мен полицейге бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабардар етті.

9579478

Сурет newskaz.ru

Әзірге 6 министрлік, Бас прокуратура мен Алматы, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдері алдағы үшжылдық шығындарын жариялапты. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда әр аудан әкімінің жалақысына деп жылына қазынадан 23 миллион теңге бөлінеді екен.

Ал, әскерилер, полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің емделуіне жылына 5 миллиард,  Ішкі істер министрлігіне болса, статистикалық ақпарат әзірлеу үшін 342 миллион, теңге қаралған. Бас прокуратура жас мамандардың біліктілігін арттыру үшін келесі жылы 1 миллиард 72 миллионнан астам теңге жұмсамақ.

Энергетика министрлігі экологиялық мониторинг жүргізуге 5 миллиард теңге алмақ.

Талқылау