Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астанадағы McDonald’s мейрамханасына барды

Мемлекет басшысы «Макдоналдс» корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

назарбаев

Мейрамхана ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, келушілер үшін отыруға лайықталған 206 орны бар. Оны безендіруге жаңа тұжырымдарға негізделген дизайндар, сондай-ақ келушілерге қызмет көрсетудегі ең заманауи жүйелер қолданылған. Компанияның екінші мейрамханасын да 2016 жылы ашу жоспарланған, ал таяу бес жылда тағы 15 мейрамхана ашу көзделіп отыр.

«Макдоналдстың» Қазақстандағы мейрамханаларына азық-түлік сыннан өткен өнім жеткізушілерден келетін болады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілер базасын дамыту жұмыстары жалғасуда. Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.

«Макдоналдс» – қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшының бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың кәсіпорны келушілерге қызмет көрсетеді.

Талқылау