Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектепті телефон арқылы «бомбалаған» тараздық 5 жылға сотталды

Тараз қаласының № 2 сотында лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама фактісі бойынша сот үкімі шығарылды.

сотттт

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың ақпан айында Тараздың бұған дейін сотталған тұрғыны С.Тілебалдиева пәтерінде алкогольдік мас күйінде болып, заңмен бұрынғы проблемалары үшін полиция қызметкерлерін жазалағысы келді.

С.Тілебалдиева кәмелеттік жасқа жетпеген балаларымен бірге дәмханаға кіріп, онда кәмелеттік жасқа толмаған қызының телефонынан Тараз қалалық ішкі істер басқармасы жедел басқару қызметінің «102» нөміріне хабарласып, кезекші операторға қаладағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы айтты.

Одан кейін, дайындалып отырған лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол Тараз қалалық ІІБ 2-ші полиция бөлімшесіне жазбаша өтініш жазып, онда белгісіз екі адамның оны қорқытып, ашық түрде ұялы телефонын ұрлап әкеткенін және күш көрсетумен қорқытып, оны полицияға хабарласып, «бомба» туралы айтуға мәжбүрлегені туралы жалған мәліметтер берді.

Тараз қаласының № 2 соты С.Тілебалдиеваны ҚР ҚК-нің 273-бабы (лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру), 419-баптың 2-бөлімімен (көрінеу жалған шағым) қарастырылған қылмыстарды жасауда айыпты деп таныды. Оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 5 жыл, 1 ай мерзім бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Талқылау