Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада ұсталған акула-мутант қайта теңізге жіберілді

Жақында Мексика жағалауынан көздері ерекше, ерекше балық ұсталды. Желі қолданушылары мұны 1 сәуірге арналған әзіл деп қабылдағанымен, ғалымдар бейтаныс балықтың құпиясын тапқан секілді.

866d01c499a7344575701c86cd0ceaeb

Сурет Pisces Sportfishing Fleet

Бұл туралы nat-geo.ru хабарлайды.

Төменгі Калифорния жарты аралында туристік мақсатта келген топ өзгелерден ерекше балық ұстап алған. Терісі күлгін-қызғылт түсті. Бір қызығы өзге балықтардағыдай желбезек мүлдем жоқ. Құдды доп секілді домалақ балық.

Оның томпайып кеткен денесі оның қандай балық екендігін анықтауға алғашқы себеп болған: Мұхитты зерттеушілер мұның калифорниялық ірі акула тұқымдас (Cephaloscyllium ventriosum) екенін айтуда. Бұл балық та басы үлкен акулалар секілді көп мөлшерде су жұта алады. Бұл үшін олар денесін U секілді иіп, суды жұта бастайды.

Олар көбіне бұл әрекетті өміріне қауіп төнген кезде жасайды екен. Тіпті олар жыртқыш балықтарды өзінің ерекше түрімен-ақ үркітіп жібере алады. Адамдар үшін акуланың бұл түрі қауіпті емес.

Мексикада табылған бұл балық Калифорниялық акулаға қарағанда аздаған айырмашылыққа ие. Ұқсас түрінде әр жағында бесеуден желбезек қуысы бар, ал мына балық та бар болғаны алтау ғана. Бұлардың түсі шұбар қоңыр түсті болып келеді. Бейтаныс балықты теңізшілер қайтадан қоя берген.

Талқылау