Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меккедегі бас мешіттің ішкі дизайны өзгертілмек

Меккедегі Аль Харам бас мешітінің ішкі бөлігі дәстүрлі араб элементтерімен безендірілмек. Сәулетшілердің айтуынша, бұл безендіру түрі мешіт ішін анағұрлым сәнді етеді.

0a1ad92e3ef183970f04d3278cc5746a

Сурет: golosislama.com 

Жыл сайын қажылығын өтеу үшін миллиондаған адам Меккеге аттанады. Қажылық – ислам дінінің бес парызының бірі болып есептеледі. Құлшылықтың кейбірі ортасында Қағба орналасқан Аль-Харам мешітінде жасалады.

«Біз мешітке ислам мәдениетіне толықтай сай келетіндей етіп жаңа дизайн түрін таңдадық», – дейді мешіттің ішкі безендіру жұмыстарын қолға алған компания басылымы.

Безендіру жұмыстарына барлық елдің сарапшы топтары ат салысады. Мешіт дизайны геометиялық сызбалар, ислам мәдениетіндегі жапырақ, гүл, жұлдыз сынды орнаменттермен толыспақ. Жұмыстар негізінен мәрмәр мен шыныдан жасалады.

Талқылау