Медициналық сақтандырудан тыс қандай ауру түрлері тегін емделеді?

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 14:08

Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға қарамастан аурулардың кейбір түрлері бойынша тегін медициналық көмек алады.

medstrakhovka

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулардың тізімін бекітті. Аталған нормативті-құқықтық актіге сәйкес республиканың барлық азаматтары медициналық сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, жоғарыда көрсетілген тізбедегі барлық ауруларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде медициналық қызмет алуға болады, деп хабарлайды Вnews.kz.

Мәселен, тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 ауру түрі кіреді. Олар: туберкулез; адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар; В, С вирусты гепатиті; қатерлі жаңадан пайда болған өскіндер; қант диабеті; психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы; балалардағы церебралды сал ауруы; миокард инфарктісі (алғашқы алты айда); ревматизм; дәнекер тіндердің жүйелі бұзылуы; орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары; орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру аурулары; орфандық (сирек кездесетін) аурулар.

Бұл ретте, қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне 16 ауру түрі кірді: адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар; туберкулез; геморрагиялық қалтырау; дифтерия; менингококк инфекциясы; полиомиелит; психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы;  жыныстық жолмен берілетін инфекциялар; алапес; безгек; сібір жарасы (өкпедегі формасы); тырысқақ; оба; іш сүзегі;  А вирустық гепатиті; туляремия.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда заңды некелеспей тек діни тұрғыда некеге тұруға тыйым салынбақ

Қостанай облысында қойдың басын үйітемін деп өртенген жасөспірім көз жұмды

Құтырған шошқалар көшенің ортасында әйелге шабуылдап, тұяғымен басынан теуіп тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар