Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қойдың басын үйітемін деп өртенген жасөспірім көз жұмды

Қостанайда қойдың басын үйіту кезінде денесін күйік шалған 15 жастағы жасөспірім көз жұмды.

3409912349c5

15 жастағы Ұлан Айдаров бүгін түнде қайтыс болған. Ол қойдың басын үйіту кезінде оқыс оқиғаға тап болып, денесінің 50 пайызын күйік шалған еді.

Оқиға Қостөбе ауылында болыпты.

Жасөспірімнің туысы Дина Байтастың айтуынша, ер адамдар қойды сойғаннан кейін оның басын дәнекерлеуші шаммен үйіту керек болған. Сол күні өте қатты ыстық болыпты.

“Ұланға сарайға кіріп, сол жақта үйіту керектігін айттық. Ол кіріп, от тұтандыра бастады. Бір кезде шамды өзіне қарай бұрып қалып, одан газ лап ете қалған. Қас-қағым сәттің ішінде баланың жейдесі мен шортысы өртеніп кеткен”, – дейді әйел.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Сәтбаевта оқыс оқиға салдарынан жарақат алған шахтер көз жұмды

Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Ақсуда мас полицей бес бірдей көлікті соғып қиратып кетті (видео)

Талқылау