Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин салық кодексін әзірлеу кезінде Президенттің тапсырмасы орындалмағанын айтып, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке заңды жетілдіруді тапсырды.

Мемлекет басшысы жаңа салық кодексін жеңілдетіп, салық төлеушілер үшін түсінікті етуді тапсырған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Мысалы, заңның жобасындағы 287-бапта 232-бапқа сілтеме жасалады. Ал осы 232-бапта 250-бапқа сілтеме бар. Ал 250-бап егер басқа заңдарда өзгеше болмаса, қайтадан 232-бапқа сілтейді. Тек бір бап бойынша ғана осынша сілтеме жасалған, ал олардың саны — 2497. Мемлекет басшысы салық заңнамасын жеңілдетуді, салық төлеушілер үшін түсінікті, қарапайым етуді тапсырды. Егер осынша сілтеме болса, қатардағы салық төлеуші түгілі маман да шатасады. Салық төлегісі келетін адам түк түсінбейді ғой. Оған ішкі ме, сыртқы сілтеме ме – бәрібір”, — деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында салық кодексінің жобасын талқылау барысында.

Оның айтуынша, президенттің тапсырмасын орындау керек. Салық кодексі барынша түсінікті, жеңіл болуға тиіс және оның тікелей жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

“Президент қалай айтты, бізге солай жасау керек. Сондықтан екінші оқылымға дейін жұмыс тобымен бірге құжатты жетілдіріп, сілтеме нормаларды азайту қажет. Әйтпесе, тапсырма орындалмайды”, — деді төраға.

“Мен мысал ретінде бірнеше бапты ғана көрсеттім. Бұл деген сұмдық қой. Біздің алдымызда салық кодексін жеңілдету міндеті тұр, ал мына заң жобасында қолданыстағы салық кодексінен 263 сілтеме артық. Тимур Мұратұлы (Сүлейменов – Ұлттық экономика министрі), жоғары мінберден міндетті орындадық деп айтудың керегі жоқ. Керісінше істеп жатырсыздар. Екінші оқылымға дейін жұмыс істеңіздер”, — деп тапсырды Нығматулин.

Тағы да оқыңыз:

Осындай жауап бола ма?: Нығматулин қаржы министріне шүйлікті

Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды айтып берді

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

 

Талқылау