Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маймылдар туристің иығында тұрып жыныстық қатынасқа түскен

Индонезияда американдық турист күлкілі жағдайға тап болды. Маймылдарды тамақтандырмақ болған жігіт алғашқыда болып жатқан жайтты аңғарған жоқ. Туристің кішкентай маймылдармен тіл табысуға талпынысы өз иығында жануарлардың жыныстық қатынасқа түсуімен аяқталды.

4a8d1119b680ef1558d3ef5b77e053da__1440x

Ер адам маймылдармен «әңгімесін» камераға түсіріп алмақшы болған. Барлығы осыдан басталды. Маймылды иығына отырғызу үшін ол оған банан беріп алдаған. Алайда хайуан оны қанағат тұтпады, деп хабарлайды Life.ru.

Алдымен турист маймылдың ұрғашысын тамақтандыра бастады. Бірнеше секундтан кейін ер адамның иығына маймылдың аталығы мініп алған. Ұзақ ойланбастан, ол маймылдың ұрғашысымен секспен айналыса бастайды. Ал американдық иығында болып жатқан жайтты бірден аңғармады.

«Ой, мыналар сенің басыңда жыныстық қатынаспен айналысып жатыр», – деді аңғарымпаз куәгерлер. Ер адам сол сәтте-ақ маймылдарды жерге лақтырып жіберген. Осы сәтте видео аяқталады. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбігені белгісіз.

Жіберіп алмаңыз: 

Неліктен маймылдарды тамақтандыру кезінде абай болу керек? (фото)

Бұл отбасы бір үйір қасқырмен бірге өмір сүруде (фото)

Ерлі-зайыпты горилла асырап, онымен 18 жыл бірге тұрып келеді (фото)

Зообақтағы маймыл шынының арғы жағынан жүкті әйелдің құрсағын сүйді (видео)

Талқылау