Неліктен маймылдарды тамақтандыру кезінде абай болу керек? (фото)

Жұма, 15 Шілде , 2016 13:42

Жабайы маймылдар адамдарға жиі-жиі қиындық тудырып қояды. Осындай жағдайлардың бірі Таиландта орын алған.

Малакка жарты аралының солтүстік бөлігінде Хуахин танымал шипажайы орналасқан. Оның ең бір мақтаныш етерлік жері Khao Takiab тауы. Қазақшалағанда “маймылдар тауы” деген мағына береді. Онда аталмыш аң түрі мыңдап саналады. Олардың барлығын тамақтандыру үшін орман ресурсы жетпейді.

Тау туристер ең көп жиналатын орын болғандықтан, қасындағы монастыр қабырғасының жанына арнайы жануарлар тағамдары сатылып тұр. Оның ішінде жаңғақ, банан секілді маймылдардың сүйікті асы бар. Әлгі жануарлар тамақ үшін адамның ә дегеннен иығына секіріп алатындықтан, туристер барынша сақ қимылдауға тиіс. Ол үшін тамақ салынған табақты жерге қойып, тез арада кетіп қалу керек.

444

Оқиға 9 шілде күні бір туристің қатысуымен болған. Оншақты аш маймыл өздерін тамақтандырмақ болған адамды қоршап алған.

Бұған дейін Таиландта бір маймыл ресейлік туристі тістеп алса, жыл басында Қытайда маймыл лақтырған тас адамға тиіп, турист көз жұмған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар