Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиев: Өз қандастарымыздың ұрпақтарын өзекке тебетініміз өкінішті

Сәкен Майғазиевты жұрт әнші ретінде ғана емес, елінің өткеніне қарап, болашағы үшін алаңдайтын азамат ретінде жақсы көреді. Үнемі қоғамдық мәселелерге байланысты өз пікірін білдіріп жүретін ол шындықты ашық айтудан жасқанбайды. Бүгін әнші өзге елден оралып, алайда өз елінен пана яки дос таппаған қандастырымыздың жайын қозғады. Әнші Қытайдан, Моңғолиядан келген оралмандарды, сонымен қатар Шымкенттен келген отандастарын көргенде төбе шаштары тік тұрып, жатсынып, бөтенсінетін қазақстандықтарға өз пікірін жеткізді.

13744292_1739159239699749_1018426221_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«АЛЛА бұйыртып, жаңа оқу жылы басталды. Жоғарғы оқу орнына түсіп, жан-жақтан жиналған жалынды жастар жақын танысып, пайдалы білім алуға бел буады. Танысудың сәті келгенде “Қытайдан, Моңғолиядан, Шымкенттен келдім” десе өне бойы өре түрегеліп, төбе шашы тік тұратын ОТАНДАСтарыммен ой бөліскелі отырмын. Алмас Аxметбекұлының “Егер 5 ҚАЗАҚ отырса соның ішіндегі біреуін жек көрсең, “Мен ҚАЗАҚты жақсы көрем” демей-ақ қой. Сен оны ҚАЗАҚ болғандығы үшін ғана жақсы көруің керек…” деген сөзіне риза болдым. Оралмандар туралы əңгіме айтылса, “сатқындар, қашқындар” деп кейіп, кеудедеден итеретін кейбір “көсемдеріміз” тарихқа көз тастаса екен», – деп бастады сөзін Майғазиев.

Хәкім Абайдың даналық сөздерін мысалға келтірген Майғазиев оралмандар үшін қатты алаңдаулы екенін білдірді. Одан бөлек, оралмандардан немесе шымкенттіктерден (Астананы) қызғану нағыз надан, білімсіз адамдардың ісі екендігін айтып өтті.

“Мен ішпеген у бар ма?!” деп Абай атамыз айтқандай, ҚАЗАҚ көрмеген қорлық бар ма?! Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін… Бас сауғалап, ҚАЗАҒЫМның атын өшірмеймін, ұрпағымды аштан өлтірмеймін деп, бас ауған жаққа кеткен өз қандастарымыздың ұрпақтарын өзекке тебетініміз өкінішті. Олардың да бабалары ҚАЗАҚ xалқы үшін қасық қаны қалғанша күресті. Қала берді, қылышынан қан тамып тұрған Кеңес Үкіметі кезінде Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан сияқты т.б шекаралас елдерімізге біраз жерлеріміз еніп кетті. Көршілес елдерімізде қаншама билеріміздің, батырларымыздың, бабаларымыздың сүйегі жатыр. Ең болмаса, әруақтарды құрметтейік.

“Қытайдан, Кәрістен, Француздан, Ағылшыннан қызғанбаған Астанаңды шымкенттіктен қызғанасың ба?” деп Бекболат ағамыз айтқандай, өз қандастарымыздан өз елімізді, өз жерімізді қызғанбайық, xалайық. Ол – санасыздық, білімсіздік, надандық. Шынтуайтына келгенде, ҚАЗАҚСТАНда туып-өсіп, суын ішіп, нанын жеп жүрсе де ана тілін, ділін, дінін білмейтін дүбәрәлардан гөрі салт-дәстүрімізді сақтаған оралмандарымның өлсе өлігі артық емес пе?! Өзге ұлт өкілдеріне күлкі болуды, өзімізді өзгенің табанының астына салып беруді доғарайық, достар. “Біріңді, ҚАЗАҚ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос” деген xәкімнің қанатты сөзін ту етейік, ағайын. АЛЛА тағала ҚАЗАҚСТАНымыздың болашағын жарқын еткей. Құшақтадым!» – деп түйіндеді сөзін Майғазиев.

Сәкенді қолдаған желі қолданушылары: «Аллаға шүкір, осыны айтар ақыры бір қазақ шықты-ау ортаға», «Сәкен бауырымыздың қазақ ретінде өз ұлтының жыртысын жыртқаны дұрыс.Қазақтың қазағы….», «Осыны еститін құлақ, көрер көз болса екен», «Керемет! Асыл ер, ақылды азамат, өнегелі тұлға…», «Айтқаныңыздың бәрі дұрыс аға. Орыстың жазып берген тарихына сенгендер оралмандарды сатқын дейді», – деп жазды желі қолданушылары.

Ал кейбір желі қолданушылары Майғазиевті елдің бәріне жаққысы келеді деп айыптады. Иә, «қанша түрлі адам болса, сонша түрлі пікір бар» деген сөз бекер айтылмаса керек-ті.

Жіберіп алмаңыз: 

Жұрт 20 жыл бұрынғы Сәкен Майғазиевті Ninety one әншісіне ұқсатты (видео)

Майғазиев: Батырхан Шүкенов “ішімдік ішкен әйелден жеккөретінім жоқ” деуші еді

Майғазиев Исламханның басына аяғын көтерген футболшыны шошқаға теңеді (видео)

Сәкен Майғазиев бауырларын халыққа таныстырды (фото)

 

Талқылау