Апалы-сіңлілер белфи суреттерінің арқасында байып кетті
Флорида штаты Майамиде тұратын апалы-сіңілі Дана мен Надия өздерінің Инстаграмдағы парақшалары арқылы ақша таба бастады. Олардың бір айдағы табысы 30 мың долларға жеткен.
Олар бөкселеріне пластикалық операция жасатып, суреттерін (бөкселерінің) үнемі инстаграмға жариялай бастаған.
Фото опубликовано Danna Bruna Official® (@dannitabruna)
30 жастағы қыздар парақшаларында әртүрлі тауарлардың жарнамасын жасау арқылы байыған. Қазір олардың парақшасына 714 мың жазылушы тіркелген. Енді олар Supe мобильдік қосымшасы арқылы да ақша табуды көздеп отыр.
Әлеуметтік желідегі танымалдылықтарының арқасында операцияға жұмсаған 58 мың доллар қаражат өз орнын толтырған.
Талқылау