Мәскеудегі Ломоносов университеті сырбойылық түлектер үшін грант бөлетін болды

Жексенбі, 12 Қараша , 2017 15:19

Ресейдің Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті сырбойылық түлектер үшін жыл сайын физика-математикалық бағытта 20 грант бөлетін болды.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың көрші ел астанасына жасаған сапары кезінде осындай келісім жасалды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейге бұл жолғы сапары кезінде әдеттегідей қазақстандық студенттермен кездесті. Аймақ басшысы болашақ мамандармен жұмысқа орналасу мәселесін ортаға салып, алдағы уақытта олардың еңбекпен қамтылатынын айтты.

«Ендігі жылы – 2018 жылы 76 инженер облысқа келіп, IT мамандығы бойынша, ақпараттық технологиялар, өндіріс, ауыл шаруашылығын өңдеу, басқа да мамандықтар бойынша инженерлер экономикамызға үлесін қоса бастайды. Бәріне де жұмысқа орналасу туралы ұсыныс айтып отырмыз. Облысымыздың кәсіпорындары жаңағы 76 инженерді қабылдау жөніндегі мүдделігін жариялады», – Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

2014 жылдан бері Мәскеу мен Санкт-Петербордың жоғары технологиялық университеттерінде сырбойылық 452 өрен білім алады. Келер жылы солардың алғашқы легі оқуын аяқтап, облыстың экономикалық тұрғыда дамуына күш салмақ.

«Біз елімізге қайтқан кезде жұмыс орнымыздың дайын тұрғаны өзімізге жақсы. Бізге жақсы ынта болады. Бірақ мен осы университетте оқуымды жалғастырғым келеді. Білімімді тереңдетіп, Қызылорда облысының экономикасын көтеруге атсалысамын деп ойлаймын», – дейді студент Шолпан Аяп.

Сапар барысында Қызылорда облысының әкімдігі бірқатар жоғары оқу орнымен маңызды мәміле жасасып қайтты. Атап айтқанда, Мәскеу мемлекеттік университеті, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті және «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университетімен өзара ынтымақтастыққа бағытталған келісім бекітілді.

«Бұл келісімдер – ондаған жыл бойы қалыптасқан әріптестіктің нәтижесі. Осыдан 17 жыл бұрын Қырымбек Елеуұлымен Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалын Астанада ашу жөнінде шарт жасастық. Оған қоса Байқоңыр қаласындағы зымыранды ұшыру сәтін тамашаладық», – дейді Ломоносов атындағы ММУ ректоры Виктор Садовничий.

Сырбойылық түлектер үшін жағымды жаңалық. Енді оларға Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультеті жыл сайын 20 грант бөлетін болды.

Оқи отырыңыз:

Қостанай облысында өзен жағасынан шақалақтың денесі табылды

Қостанайда кәмпиттің ішінен құрт шықты

2018 жылы еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай болатыны анықталды

Шетелдіктер латын қарпінде жазылған Абай өлеңдерін жарыса оқып жатыр (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар