Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда кәмпиттің ішінен құрт шықты 

Қостанай тұрғыны кәмпиттің ішінен тірі құрттар шыққанын жариялады.

Бұл туралы qostanay.tv хабарлайды.

Қостанай тұрығыны Ресейде өндірілген кәмпиттен құрт шыққанын айтқан. Бұл туралы ол қостанайлықтардың танымал паблигінде жазған.

«Жұрттың кәмпиттерден бірде құрт тапқанын, бірде сым кездестіргенін әлеуметтік желілерден талай естідім. Алайда, сенбеген едім. Бүгін сүйікті «Коровка» (ресейлік өнім) кәмпитімен шай ішуге оқталғанда ішінен құрт шыға келді. Кәмпитке деген тәбетім сол сәтте жоғалып кетті. Ең сорақасы, дәл осы кәмпиттерді балаларым да жеп жүрген. Мұндай «тосын сыйдың» қанша болғаны белгісіз», – деп жазған Марина Серова.

Сондай-ақ, ол жазбасының қасына құрттаған кәмпиттің суреттерін де салған.

Оқи отырыңыз:

2018 жылы еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай болатыны анықталды

Шетелдіктер латын қарпінде жазылған Абай өлеңдерін жарыса оқып жатыр (видео)

Студенттер Астанада киіз үйде тұрып жатқан отбасыға үй салуға қаржы жинап жатыр

Қазақстандағы жалған емшілер адамдардың өмірін қалай құртады

Талқылау