Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Газпромда” еден жуушы әйелдің Dior сөмкесінің тоналуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Әлдекімдер Жаңа Мәскеудегі «Румянцево» бизнес орталығының көлік тұрағында Mitsubishi маркалы көліктің терезесін сындырып, ішіндегі құны 300 мың рубль тұратын Dior сөмкесін ұрлап кеткен. Оның ішінде біршама ақша мен құжаттары болған.

pic_e9dfef2f2c54042167f7227df823326e

Ресейде «Газпромда» жұмыс істейтін еден жуғыш әйелдің арызына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Азаматша Жаңа Мәскеудегі «Румянцево» бизнес орталығының көлік тұрағына көлігін бірер минутқа ғана аялдауға қалдырған. Ол қайтып келгенде көліктің есігі ашылып, ішінде сөмкесінің тоналғанын байқайды. Әлдекімдер Mitsubishi маркалы көліктің терезесін сындырып, ішіндегі құны 300 мың рубль тұратын Dior сөмкесін ұрлап кеткен. Оның ішінде біршама ақша мен құжаттары болған. Ол бірден полицияға хабарласқан.

Басылымдардың мәліметінше, полицейлер Сауда үйінің алдында тұрған бейнебақылау камерасын тексеріп көрмекші.

Мәскеудегі Dior бөлімдері тоналған сөмкенің құны 2 миллион рубльді құрайтынын айтқан. Ол сөмке көк және қара түс араласқан қолтырауын терісінінен жасалған және Париждегі Сән үйі бұл сөмкені 2015 жылдың күздік-қыстық сөмсесі ретінде таныстырылған.

Талқылау