Мәсімов 10 сотық жерге қатысты түсiнiктеме бердi

Жұма, 17 Маусым , 2016 12:57

Бүгiнде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылмын дамытуға үлкен көңiл бөлінуде. Осы мақсатқа қаражат қарастырылады. ҚР премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтың айтуынша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерде 10 сотық бөлу осы мәселенi шешуге оң ықпал етедi.

мәсім

Бұл туралы ол ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Экономика өсiмiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бағдарламадағы жаңа бағыттардың бiрi – жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту. Бұл облыстық әкiмдiктер арқылы жасалады. Соңғы уақытта жер мәселесiне қатысты пiкiрталастар көп. Үкiмет заңнамаға өзгерiстер енгiзудi қолдап, осы мәселенi қарастырды. Бiздiң ойымызша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерде 10 сотық бөлу осы жағдайды шешуге оң ықпал етедi. Сондықтан ресурстардың бiр бөлiгi жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылмын дамытуға жұмсалады», – дедi Кәрім Мәсiмов.

Астанада ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысы өтiп жатыр. Отырыста депутаттар Үкiмет пен республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептерiн қабылдайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Опрокидка тағы обл. Акимдері дейді құтылып кету

  • Қазақ ұлы says:

    Ассалаумағалейкүм қазақ халқы, Алаш ұлы кешірім сұраймын артық кетсем!
    Ақшаң болса бəрін аласың, болмаса өзіңді жерлеуге 2*3 м жер ала алмайсың Қазақстан билігінің басына Аман Төлеев сияқты ұлтжанды азамат келмей қазақ көрген күнің азап болмақ!!!

  • Анонимно says:

    Сонымен кыскасы халыкка берилеме алде жокпа жер? !))

  • Анонимно says:

    Қазақ

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар