Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маса шаққаннан кейін қайтыс болған келіншектің туыстары оқиғаның мән-жайын жылап отырып айтып берді (видео)

Маса шаққаннан кейін беті ісіп, артынша Астанадағы ауруханалардың бірінде көз жұмған Мақпал Еспенбетованың туыстары марқұм туралы айтып берді.

Мақпал Еспенбетова

Сурет: Мақпал Еспенбетованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бұл туралы «Жетінші арнаның» «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Марқұмның күйеуі Роллан Еспенбетовтың айтуынша, маса шаққаннан кейін әйелінің беті толықтай ісіп кетпеген. Тек көзінің айналасында ісік пайда болыпты. Оның жүрегі әлденені сезгендей, әйеліне ауруханаға бармай-ақ қоюға болатынын айтқан. Алайда ерлі-зайыпты тұңғышын 1 қыркүйекте мектепке алып баратындықтан, Мақпал көзіндегі ісікті жылдам кетіргісі келген.

«Көзінің айналасы ғана істі. Төменге кеткен жоқ. Егер ондай жағдай болатын болса, ауруханаға бірден барар едік. Сондықтан мен оған: «Ауруханаға не үшін барамыз?» – дедім. Алайда ол бір отбасының жалғыз қызы. Еркелеп өскен. «Менің денсаулығыма мән бергің келмейді», – деп ренжіді. Сондықтан қарсы шықпадым», – дейді марқұмның күйеуі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от “Өз ойым” жаңа ток-шоу (@oz_oiym7)

Ал марқұмның құрбысы Бибен Жүнісова ауруханадағы былықтың шетін ашты. Айтуынша, Мақпалдың құжаттарында қателіктер жіберілген.

«Мен ауруханаға келгенде құжаттарды суретке түсіріп алдым. Талдау нәтижесі жазылған қағазда оның жынысы «ер», салмағы 70 келі деп көрсетілген. Алайда оның салмағы 70 келі емес, 54 келі болатын. Сонымен қатар оның жынысы «ер» емес. Ол сурет менде әлі бар», – дейді марқұмның құрбысы.

Сондай-ақ, ол Мақпал Еспенбетованың дәріні салуға жазбаша келісім бермегенін айтты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от “Өз ойым” жаңа ток-шоу (@oz_oiym7)

Өз сөзінде Бибен Жүнісова марқұмды еске алып, естеліктерімен бөлісті.

«Жақсы кісі еді. Ол қарапайым заттарға, бәріне қуанатын. Мысалы, мен шар сатып алғаным үшін қуана алмас едім. Ол кез-келген дүниеден мейрам жасай алатын. Ешкімді өсектемейтін еді. Денсаулығы өте жақсы болды. Сараптама жасағанда денсаулығында кінәрат болмағанын айтты», – дейді құрбысы.

Ал марқұмның енесі келінінің жақсылықтарын айтып, көзіне жас алды. Айтуынша, ол Мақпалды өз қызындай көрген.

«Ұлым екеуі бас қосқалы 8 жыл болды. 8 жылда бір алдымнан өткен емес. Құдағиымның жалғыз қызы болғанымен, туған қызымдай болды. «Мама сіздерге жақсы болсын. Сіздерге алғысым көп. Екі баламды тәрбиелейсіз», – деп отыратын еді», – деп еске алды марқұмның енесі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от “Өз ойым” жаңа ток-шоу (@oz_oiym7)

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде 31 тамыз күні №1 қалалық ауруханада 28 жастағы Мақпал Еспенбетованың “Преднизолон” дәрісін салғаннан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Артынша марқұмның күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

28 жастағы келіншектің өліміне дәрі себеп болған, болмағанын сарапшылар анықтайтын болады. Аталған іске денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қосылып, өз бақылауына алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау