Астаналық келіншек маса шағып алғаннан кейін қайтыс болды: Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде 31 тамыз күні №1 қалалық ауруханада 28 жастағы Мақпал Еспенбетованың “Преднизолон” дәрісін салғаннан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz.

Астаналық келіншек маса шағып алғаннан кейін қайтыс болды: Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

Сурет: Әлеуметтік желіден

Марқұмның құрбысының мәліметінше, екі баланың анасы ауруханаға барар алдында маса шаққандықтан беті ісіп кеткен.

«Мақпал ауруханаға барды. Ол аллергиядан зардап шегетіндіктен, дәрігерден қандай дәрі қабылдау керектігі жөнінде кеңес алмақ болды. Оның күйеуі ауруханаға алып келіп, көлікте күткен. Мақпал кезек күтіп ұзақ отырды. Күйеуімен де сөйлескен. Алайда біраз уақыттан кейін күйеуіне қоңырау шалып, әйелінің қайтыс болғанын хабарлаған», – деп жазды марқұмның құрбысы Бибен Жүнісова әлеуметтік желіде.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов та аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қайғылы оқиғаның тергелуін өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

«Марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Аталған оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары және Денсаулық сақтау министрлігімен тергеу басталды. Мен аталғандай жағдайды өзімнің жеке бақылауыма аламын. Өкінішке орай, анафилаксиялық шоктан ешкім сақтандырылмаған. Алайда бекітілген стандарттарға сәйкес толық көлемде көмек көрсетілуі тиіс. Әділ тексеріп, ақпарат береміз», – деп жазды Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар