Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм әкесіне хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты

Шотландиялық Тери Копланд есімді әйел кішкентай ұлының қайтыс болған әкесіне туған күнімен құттықтау хатын жолдағанын айтты. Бала пошта қызметкерінен хатты аспанға жеткізуін сұраған.

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтап, хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Пошташы мырза, менің хатымды көктегі әкеме жеткізе аласыз ба? Оның туған күні. Рақмет», – деп жазған Джейс хатта.

Анасы ұлының мұндай өтініші ескерусіз қалмайды деп күтпепті. Ұлы өз хатына жауап ретінде пошта қызметкері, менеджердің көмекшісі Сэм Милганнан хат алған. Ер адам мұндай маңызды хатты жеткізу кезінде қиындықтар пайда болғанын, алайда олар кедергілерге қарамастан хатты әкесіне аман-есен жеткізгенін жазған.

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтап, хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты

«Құрметті Джейс, мен сіздің хатыңызды көктегі әкеңізге жеткізе алғанымызды айтқым келеді. Жолда кездескен жұлдыздар мен галактикадағы басқа да нысандардан қашу оңай болмағанымен, хаттың сіз жіберген адамға жеткізілгеніне сенімді болыңыз», – деп жазады хатты Сэм Милган.

Баланың анасының сөзінше, ұлы мұндай жауапты оқып, қатты қуанған. Өз кезегінде әйел пошта қызметкерлеріне алғыс білдірді. Олар бейтаныс кішкентай баланың хатына назар аудармаса да болар еді, дейді ол.

Марқұм әкесін туған күнімен құттықтап, хат жолдаған балаға пошта қызметкерінің жіберген жауабы жұртты жылатты

«Пошта қызметкерлері, сіздер менің адамзатқа деген сенімімді қайтардыңыздар. Рақмет», – дейді Тери Копланд.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау