Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық  дәрігерлер бұрын-соңды болмаған ерекше әрі ауыр ота жасады

Мамандар өңешінің жартысы жоқ болып туылған сәбидің ауызқуысы мен қарын арасындағы өңешін тіліксіз жалғап, аман алып қалды.

images (1)

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жергілікті дәрігерлердің  шеберлігіне профессорлардың өзі таң қалып отыр. Өйткені, өңеші бітеліп туған балалардың 90 пайызы ауыр операцияны көтере алмай, шетінеп кетеді екен.

Тұрар есімді сәбидің өмірге келгеніне бүгін тура 21 күн болды. Тынысы тарылып, сүт іше алмайтын. Өңеші асқазанына жетпей бітеліп туған. Аса ауыр жағдайдағы балаларға ешқашан ота жасап көрмеген дәрігерлер бұған дейін науқастарды Алматы, Астанадағы орталықтарға жіберетін. Бұл жолы бел буып, өз күштерімен алғаш рет қиын отаны жасап шыққан.

«Операция өз алдына қиын болды.  Өңеш бір – біріне жалғанып, ота сәтті өтті. Өзі демалады, өзі тамақ ішеді», – дейді МО балалар ауруханасының хирургі  Құрман ҚАЙРАНОВ.

Отаға дейін Тұрардың салмағы үш келі болған. Қазір 500 грамм қосыпты. Анасы перзентінің ауыр отадан аман қалғанына әлі сене алар емес. Алғашында жергілікті дәрігерлердің қадамына күдікпен қарағанын жасырмайды.

«Неше түрлі ой келді.  Баламды аман алып қала ма екен деп қорықтым біраз», – дейді ота жасалған Тұрардың анасы Ұлмекен Әбілаева.

Жыл сайын Маңғыстауда 20-ға жуық бала туа біткен түрлі ақаумен өмірге келеді. Соның кесірінен балалардың 90 пайызы өліп кетеді дейді. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасы балалар ауруханасы жанынан осы дертке шалдыққан нәрестелерге ауыр ота жасайтын арнайы неонтальді хирургия бөлімін ашқан. Соның нәтижесінен бір жыл ішінде өлім-жітім 25 пайызға төмендеген.

Талқылау