Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жол белгісі мен шамдары жоқ көшеде автобус 9 жасар баланы қағып кетті

Маңғыстау облысы, Басқұдық ауылында 9 жастағы баланы автобус қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы жолдың қарсы бетіне шықпақ болып жүгіріп бара жатқанда қоғамдық көлік тоқтап үлгермей алмай қалған.

ии

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қасқағым сәтте бауырынан айырылған Жадыра Сәдуова кінәлі азаматтың жазалануын талап етіп жүр. Өйткені қоғамдық көліктің жүргізушісі баланы қаққан соң, қашып кеткен. Қайтыс болған інісі кешкі сағат 9-дар шамасында жол жиегіндегі сауда орталығынан шығып, үйіне қарай асыққанда автобустың астына түсіп мерт болды.

“Бала жүгіріп шықты. Автобус жылдамдықпен келді де ай соғады ау деп тұрдық, айтып үлгермедік бірден қағып кетті. Водитель тұр еді, жылап жүрді бір кезде жоқ болып кетті”, – дейді куәгер.

Басқұдықтың мына жолы талай баланың өмірін қиды дейді, – куәгерлер. Мұнда бірде-бір жол белгісі қойылмаған. Көше шамдары да жоқ. Кесірінен апат көп болады екен. 9 жастағы баланы басып кеткен көлік жүргізушісі де оны қараңғыдан көрмей қалуы мүмкін дейді, – тұрғындар.

“Паласа жоқ, пешеход жоқ, светофор жоқ. Осының бәрін ойлану керек еді. Мынау бірінші жағдай емес. Үшінші случай. Алдында да кішкентай баланы камаз қағып кетіп, қайта аман қалды”, – дейді куәгерлер.

“105” бағытындағы қоғамдық көлікті 46 жастағы Өзбекстан азаматы басқарған. Ол автобусты жұмыстан тыс уақытта басшылығының рұқсатынсыз айдап кетіпті. Автобуста жолаушылар болмаған. Және дәл осы бағыттағы көліктің тұрақты жүргізушісі жоқ екен.

Қайғылы жағдайдан кейін автопарк басшылығы тұрақты жүргізуші тағайындап, талапты күшейтуді қолға аламыз деп отыр. Ал бой тасалаған күдікті жүргізуші көп ұзамай ұсталыпты.

“1970 жылғы Өзбекстан азаматы ұсталды. Автобус айыптұраққа жабылды. ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалып отыр. Күдікті қамауға алынды”, – деді МО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Жазира Әбіл.

Жантүршігерлік апаттан кейін тұрғындар балаларының өміріне алаңдай бастады. Әсіресе ауылдан мектепке автобуспен қатынайтын балалар үшін белгілері жоқ жол қауіп төндіріп тұр.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде ұрысып қалған балалардың аналары төбелесті

Шымкентте түрме қызметкері қызды педофилден құтқарып қалды

Қарағанды облысында автобус жолаушыларына бетперде кигендер шабуыл жасады

Үндістанда 13 жастағы қыз 68 күн ораза ұстап қайтыс болды

Талқылау