Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан аман қалғандар тілге келді

Сейсенбі, 28 Қараша , 2017 21:41

Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар бүгін жер қойнына тапсырылды. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға келген адамдардың қарасы көп, деп хабарлайды КТК.

Ал осы пойыз бен Газельдің соқтығысуынан зардап шеккендердің беті бері қарап келеді. Тіпті бірер күнде екеуін үйіне жіберу жоспарланса, жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі сырқат жалпы палатаға ауыстырылмақ.

Үш күн бұрын Өзен-Болашақ өткелінде болған апат тек ауыл тұрғындарының ғана емес, бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Қаза тапқандардың алтауы Жаңаөзеннің тумалары болса, үшеуі Теңге ауылының тұрғындары болатын. Бүгін сол марқұмдарды тума-туыстары мен жора-жолдарстары ақтық сапарға шығарып салды.

Газель мен пойыздың  соқтығысуынен жапа шеккен 18 адам әлі күнге аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Бірер күнде оның екеуі үйіне жіберілмек. Айсұлу Қармұсова сол шағын автобустың ішінде болғандардың бірі. Оның базардан азық-түлік алып үйіне келе жатқан беті екен. Бірақ апаттың қалай болғаны мойын омыртқасын зақымдап алған келіншектің есінде жоқ.

Бұған дейін Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты жайлы хабарланған еді.

«25 қараша күні сағат 14:20-да Маңғыстау облысы Өзен-Болашақ жол бөлігінде тепловоз бен «Газель» маркалы автокөлік соқығыс қалған. Өтпелі дабылдатпа құрылғысының жұмысында ақау болмаған. 60 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан тепловоз жүргізушісі жолдағы автокөлікті көріп, шұғыл тоқтауға тырысқан. Бірақ апаттан қашып құтылу мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Жол апатына түскен 10 жасар қыз екі аяғынан айырылды. Апатқа қатысты теміржол өткелінің кезекшісі қамауға алынды. 

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да ер адам көңілдес болудан бас тартқан отбасылы келіншекті өлтіріп, денесін өртеп кеткен

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

Ғалымдар: Болашақта адамдар порно фильмдерді көп көріп, роботтармен жақындасатын болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар