Маңғыстауда әуелі сүйген қызын, артынша өзін атып өлтірген жігіттің әріптесі сотталды
Өзін өлімге қиған жігіт табельді тапаншаны күзет мекемесіндегі әріптесінен алған екен. Мұнайлы аудандық соты сол әріптесін қаруына ие болмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды КТК.

Оқиға биыл мамыр айында Басқұдық ауылында болған. Күзетші болып істеген жігіттің мұндай қадамға баруына ғашығының одан теріс айналуы себеп болған еді. Бір жыл бойы көңіл қосқан екі жас үш ай бұрын бойжеткеннің қалауымен айырылысады. Алайда оны ауыр қабылдаған азамат кек алуды көздеп, бұрынғы қызын үйіне іздеп келген.
Сөйтіп, ай-шайға қарамастан інісі екеуіне 15 рет оқ атыпты. Ол екеуі қазір аман-сау. Ал соңғы оқты өзінің басына атқан кекшіл жігіт емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды. Осылайша, бар қайғыға себепші болған тапаншаның иесі, яғни марқұм жігіттің әріптесі екі жылға түрмеге қамалатын болды.
Тағы да оқыңыз:
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шығатын болды
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"