Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтің үш автокөлігі аукционда сатылып кетті

Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен сотталған белгілі бизнесмен Тоқтар Төлешовтың көліктері аукцион арқылы саудаланды.

tokha

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Mitsubishi GT бастапқы баға 1 083 000 теңгеге сатылса, GMC Yukon XL Denali – 3 907 956 теңге, Bentley Continental GT – 7 034 326 теңгеге сатылды.

Ал 40 миллион тұратын ең қымбат Rolls-Royce Phantom автокөлігіне небәрі бір адам ғана үміткер болғандықтан, сауда жалғасқан жоқ. Chevrolet Suburban да өз иесін таппады. Оның минималды бағасы 6 016 500 теңге болып бекітілген.

Бұлардан бөлек бизнесменге тиесілі болған 2011 жылғы Chevrolet Suburban (бағасы – 13 300 000 теңге), 2005 жылғы Toyota Camry (2 700 000), 2002 жылғы Toyota Camry (2 093 000), 1997 жылы шыққан Nissan Primera (554 мың) көліктерін де сатып алар адам табылмады.

Астана қалалық әскери сотының шешімімен Төлешовтен жалпы саны 26 жеңіл көлік тәркіленген. Олардың 22-сі Оңтүстік Қазақстан облысы жекешелендіру департаментінің балансына түсті. Төртеуі іздеуде. Ал 12 автокөлік мемлекеттік органдардың балансына өткізіліп қойды.

Оқи отырыңыз:

Шахан трагедиясы: Қаза тапқандардың отбасы тағы да миллион теңгеден алды

Алматы әуежайында Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Таразда шайхана алапат өртке оранды (видео)

Көлік кептелісінде қалған ер адам көз жұмды

Талқылау