Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі 300 млн теңгеге жасалған лагерь туралы айтып берді

Босқындарға арналған лагерь құрылысы жөнінде  Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Орталық коммуникациялар брифингінде мәлімдеді, – деп жазады Tumba.kz.

3 (2)

“Біз жаһандық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Әр кезде әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Олардың бәрінен сақтана алмаймыз. Елімізде террорға қарсы әрекет етуші штабтар бар. Әр облыс тек террорлық әрекеттерге ғана емес, кез келген төтенше жағдайға дайын болуы керек. Техникалық құралдар, үйшіктер дайын болуы тиіс. Мұндайға әлі дайын емес аймақтар да бар. Бірақ бәрі мүмкіндігінше материалдық-техникалық базасын толықтырып жатыр. Бюджеттен ақша бөлу кезінде біз осы мәселені көтерген болатынбыз. Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, 300 миллион теңге бөлінген еді.

Бұған дейін 2016 жылы Үкімет тарапынан Маңғыстау облысының босқындарына  арналған лагерьлер үшін 340 миллиоан теңге бөлінген болатын.

Надежда Шульга

Талқылау