Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында тұрғындар 5 күн бойы балшыққа батып қалған буаз түйені құтқарып қалды (видео)

Маңғыстаулықтар жол бойындағы балшықтан әбден әлсіреген түйені көріп, оны шығару үшін көмекке техника шақырған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

1484653084Оқиға орнына бірнеше машинамен келген адамдар түйенің астына металл пластина төсеп, тростың көмегімен аман алып шықты. Бірақ, 5 күн бойы балшықта қозғалыссыз тұрған түйенің аяқтары жансызданып қалыпты. Өздігінен жүре алмайтындықтан ауылға жеткізу үшін де көлік шақыртуға тура келген.

Ал lada.kz сайты ойсыл қара тұқымын құтқару сәтінің видеосын да жария етті.

Қазір ойсыл қара түлігіне жылы жерде барынша күтім көрсетіліп жатыр. Мал дәрігерлері түйе бұрынғы қалпына келу үшін әлі де біршама уақыт қажет екенін айтады. Әрі жануар буаз болып шықты. Енді бір жарым айдан соң боталауы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Депутат Жамалов ХҚКО-да қаза болған ер адамның туыстарынан кешірім сұрады

Алты баласын қараусыз қалдырып кеткен ана: Мен оларды тастаған жоқпын

Алматыда шетелдік қонақтарды қабылдайтын караоке атын жамылған секс-орталық жұмыс істеген

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Талқылау