Маңғыстау облысында оқушы үш баланы өрттен аман алып қалды

Жексенбі, 13 Қараша , 2016 11:04

14 жасар Ғалымжан Күзембаев болашақта өрт сөндіруші мамандығын таңдайтынына сенімді. Ол көршілес пәтерде тұтанған өрттен үш баланы аман алып қалды.

4e844a30-a713-4263-a6ad-14d52584ead8 (1)

Бұл туралы Тумба.кз хабарлады.

Маңғыстау облысында 4, 5 және 6 жасар балалар үйде қараусыз қалған. Сіріңкемен от тұтатып, ойын ойнаған олар өз өмірлеріне қауіп төндіріп тұрғандарын білмесе керек-ті. Көршілес үйде тұратын 8-сынып оқушысы олардың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған.

Оқыс оқиға 7 қараша күні Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында болған. Азан Балов көшесіндегі №52 үйде өрт тұтанған. Құтқару мекемесі баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Қожабекованың айтуынша, оқыс оқиға туралы ақпаратты көршілері жеткізген. Оқиға орнына жедел келіп жеткен өрт сөндіру қызметінің №6 бригадасы үйде болып жатқан ашық өртке куә болды.

Өрт кезінде принтер мен жатын бөлмеде тұрған комод жанып кетті. Өртке оранған үй аумағы 20 шаршы метрді құрайтын 7 бөлмеден тұрады. Ал өртке үйдің 2 шаршы метрі оранған.

«Өрт кезінде үйде үш бала болған. Тұтанған жалынды көрген көрші бала үйге кіріп алып, үш баланы терезе арқылы алып шықты. Осылайда ол үш баланың өмірін құтқарып қалды», – дейді Гүлнар Қожабекова.

Жеткіншектердің құтқарушысы Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің 8 «Б» сыныбының оқушысы Ғалымжан Күзембаев. Ол өрт сөндіру қызметі келіп жеткенше балалардың өліп кетуінен қорыққандығын, сол себепті ойланбастан олардың үйіне кіріп алғанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өрттен қаза тапқан студенттер құлыпталған бөлме ішінде қалып кеткен

ШҚО-да жоғалып кеткен мектеп оқушысының мәйіті табылды

Астана тұрғыны із-түссіз жоғалған егіз ағасына іздеу жариялады

Өскеменде жылытқыштың кесірінен болған өрттен қыз бала мерт болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар