Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

Дүйсенбі, 28 Тамыз , 2017 17:28

Маңғыстау облысындағы перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Қазақпарат.

 20170828161256

Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді, екі ұл мен бір қыз. Үшемнің анасы – Жаңаөзен тұрғыны 35 жастағы Жаңылхан Айтуова.

Жаңылханның екі 14 және 15 жастағы ұлы бар.

«Әйелдің үшем табатынын ультрадыбысты зерттеу кезінде 20 ақпанда анықтаған болатынбыз. Жаңылхан басында сенбеген еді. Бірақ қатты қуанды. Есепке уақытында тұрды. 6 тамыз күні ол перинаталдық орталыққа 33 апталық жүктілікпен келді», – дейді Маңғыстау облысы перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Роза Баданова.

8ec77135b9d388e7cd50728ee48fe276

16 тамыз күні әйелге кесер жасады. Отаны орталық директоры, жоғары категориялы дәрігер – Жамал Жаманбаева жасаған.

Бірінші Абдуррахим – атты ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2 кг 280 грамм, бойы 45 см. Екіншісі Мұхаммедәли – атты ұл. Бойы 44 см, салмағы 2 кг 170 грамм. Үшіншісі Әзима – атты қыз бала. Салмағы 2 кг 170 грамм, бойы 46 см.

«Үшеуі де шала туды. Бірақ дендері сау, ауытқушылық жоқ. Ертең анасы мен балаларды үйіне шығарамыз», – дейді Роза.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан халқы осы аптада 4 күн демалады

Телефонын алып шығу үшін Ертіске сүңгіген ШҚО тұрғыны батып кетті

Белгілі диктор Тыныс Өтебаев көз жұмды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар