Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі диктор Тыныс Өтебаев көз жұмды

Танымал диктор, КСРО телерадиосының үздігі Тыныс Өтебаев 73 жасында өмірден озды.

20170828161256

Бұл туралы желідегі парақшасында «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин хабарлады.

«Бүгін, 2017 жылдың 28 тамызында, «Қазақстан» телеарнасының танымал дикторы Тыныс Өтебай ағамыз 73 жасында өмірден озды. Телеарнаға 60-шы жылдардың аяғында келген Тыныс аға, талай жылдар Ұлттық арнаға адал қызмет етті. Тек қана диктор емес, ұзақ еңбек жолында түрлі редакциялардың басшысы болып, зейнетке «Қазақстан» корпорациясының төрағасының бірінші орынбасары қызметінен шықты! Ағамыздың туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!», деп жазды Ерлан Қарин.

Тыныс Өтебаев 1944 жылдың 14 наурызында дүниеге келген. Диктор, тележурналист. КСРО телерадиосының үздігі. Бұрынғы Шымкент облысы орталығындағы 7 жылдық мектепті, электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген. Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған.

1963 – 66 жылдары әскери борышын өтеді. 1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып, тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысқан. 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Тағы да оқыңыз:

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Қазақстан халқы осы аптада 4 күн демалады

Телефонын алып шығу үшін Ертіске сүңгіген ШҚО тұрғыны батып кетті

Талқылау