Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар: Спиннер ойыншығын кездейсоқ адамнан алуға болмайды

Ресей мамандары спиннерлерді қолдан алмауға кеңес берді.

25.J2PBFD

Ресейдің тұтынушылар құқығын қадағалау қызметі ата-аналарға спиннер алатын кезде баланың қауіпсіздігіне қатысты қандай нәрселерді білуі тиіс екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасында осы ойыншық сәнге айналып, қолдан-қолға тез тарап жатқаны белгілі. Сол себепті мамандар фиджет-спиннерлердің қауіпсіздігіне тексеру жүргізген.

Қазір олар мектеп жасына дейінгі балалар ересектердің қадағалауынсыз спиннермен ойнамағаны жөн екенін ескертуде.

«Ата-аналар мен ұстаздар қауымының осы ойыншыққа қауіппен қарайтынына байланысты Ресей тұтынушылар құқығын қадағалау қызметі мен ғылыми зерттеу ұйымдары бірлесе отырып, спиннерлердің бала денсаулығына зияны бар ма, олар жасөспірімдерге қалай әсер етеді дегенге зерттеу жүргізді», – дейді мамандар.

Қазір аталған ведомство өкілдері баласына спиннер сатып алғысы келген ата-аналарға арнайы ұсыныстар айтуда. Олар спиннерлерді кездейсоқ адамдардан сатып алмауға кеңес беруде.

Сондай-ақ, спиннерлерден химиялық қоспалар иісінің шықпауы мен дыбысының қатты болмауын ескеруді айтқан.

Жарығы мен музыкасы бар спиннерлерді мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналардың бақылауымен ғана ойнағаны дұрыс деп отыр мамандар.

Тағы да оқыңыз:

Балалардың ойнап жүрген фиджет спиннер ойыншықтары зиян ба?

Балаға зиян тигізетін 8 танымал ойыншық

Қазақстанда ЭКСПО белгісіндегі спиннерлер шығарыла бастады

 

Талқылау