Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман: Жыл сайын дәрігерге денсаулығыңызды тексерткен сияқты банк алдындағы қарызыңызды қадағалаңыз

Қазақстан азаматтары  жыл сайын тек қанын тексертіп денсаулығының жағдайын ғана емес, оған қоса банктерден өз несиесі жайлы ақпарат алып отыруы керек екен.

kredit

Бұл туралы express-k.kz сайты хабарлайды.

Бұл кеңес тек несиесі барларға емес, 21 жастан асқандардың барлығына керек дүние. Себебі, Қазақстанда жыл сайын өзгенің атына несие алып кетушілер қатары көбейген.

Бірінші несие бюросының сраптама орталығы өткен жылы 500 адамның атына жалған құжатпен несие алынғанын мәлімдеген. Алаяқтар негізінен жоғалған жеке куәлік иелерінің атына несие алатын. Олар құжаттың суретін өзгертеді немесе соған ұқсас адамды табатын. Кейде алаяқтар куәліктің түпнұсқасын емес көшірмесінің өзін өз пайдаларына жаратып отырған.

Куәлігін жоғалтқандардың көбі қарызы төленбей кеткен жағдайда хабарласқан банк қызметкерлерінен несиесі барын біліп отырған. Кейде керек сәтте несие алмаққа бел буғандар,өзі алмаған бұрынғы қарызын білген. Осыдан кейін банкпен соттасу жағдайлары жалғасады.

Сондықтан көпшілік құжаты жоғалған сәтте бірден халыққа қызмет орталығына барып жағдайды мәлімдеуі керек. Екіншіден, жылына бір рет несие бойынша банктен өзінің «тазалығына» көз жеткізіп отыру керек. Ол үшін Бірінші несие орталығына немесе ХҚКО бару керек.

Осындай иесіз қарыздардың жалпы құны триллион теңгеге жеткен. Оның 150 миллиарды  өзге елдің ақшасымен алынған. Ондай адамдардың саны 5 миллионға жеткен.

 

Талқылау