Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман иммунитетті күшетуге арналған өнімді атады

Диетолог Кара Лидон саңырауқұлақтың иммунитетті күшейтіп, вирустармен күресуде көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

саңырауқұлақ

Маманның сөзінше, саңырауқұлақтың құрамында селен көп. Зерттеу барысында бұл элементтің жетіспеушілігі кезінде ағзаның вирустармен баяу күресетіні анықталған. Сонымен қатар саңырауқұлақта рибофлавин мен В2 және В3 дәрумендері көп. 

"А, С, Е, В, Д, селен, темір, мыс пен фолий қышқылының жетіспеуі ауруға шалдығу қатерін арттырады", – деді Кара Лидон. 

Сонымен қатар диетолог қырыққабат, сарымсақ пен сұлы, бадам жаңғағын жеуді ұсынады. Бұл өнімдер де иммунитетті күшейтуге көмектеседі. 

Талқылау