Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Максим Раков Қытайда өткен Гран-при жарысында екінші орын алды

29 жастағы қарағандылық спортшы 100 келіге дейінгі салмақта белдесті. Максим алдымен тунистік Анис Бен Халледті ұтты. Одан кейін қытайлық Ху Мингчаоны жеңді. Ширек финалда Хорватия елінің өкілі Златко Кумричтен басым түсті, – деп хабарлайды Stan.kz.

Максим Раков Қытайда өткен Гран-при жарысында екінші орын алды

Жартылай финалда Әзербайжанның танымал балуаны Эльхан Мамедовтан айласын асырды. Ал финалда ежелгі қарсыласы, Олимпиада чемпионы Моңғолия балуаны Найдан Тувшинбаярмен кездесті.

Осыған дейін бірнеше рет кездескен екі балуан арасындағы бәсекеде көбінесе моңғолиялықтың бағы жанып жүрген болатын.
Ал соңғы рет Астанада өткен әлем чемпионатының командалық сайысында Раков вазари әдісімен жеңген еді.
Бұл жолы екі балуанда әдіс жасай алмады. Тек төрешінің сылбыр күрескен үшін берген шидосының арқасында Найдан чемпион атанды. Раковка күміс жүлде бұйырды.

Талқылау