Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Макгрегорды жеңген Нұрмағамедов октагоннан белбеусіз кетті (видео)
Лас-Вегаста UFC 229 аралас жекпе-жегінің турнирі Хабиб Нұрмағамедовтың жеңісімен аяқталды. Бірақ, төртінші раундта ирдандиялық Конор Макгрегорды жеңген ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов чемпиондық белбеуін алмастан, октагоннан кетіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Себебі, ресейлік жауынгер Нұрмағамедов марапаттау рәсімі болмай жатып, алаңнан секіріп шығып, төбелеске араласып кетті.
Хабиб пен UFC президенті Дэн Уайттың арасындағы дау-дамайдан кейін, олар біріне дауыс көтеріп жағдайды одан әрі ушықтырды.
Осылайша, ресейлік жеңімпаз айқастың нәтижесі жарияланбастан, чемпиондық белбеуін алмай октагоннан кетіп қалды.
Енді, Нұрмағамедовке тордан рұқсатсыз шыққаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінгі кештің жеңімпазы атанған Нұрмағамедов Конордың команда мүшелерімен болған жаппай төбелеске араласып кетті.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген