Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мигранттар Македонияның полицейлерімен төбелесіп қалды

Грекия-Македония шекарасында болған қақтығыста 18 македон әскері мен 20 шақты Африка, Таяу шығыс елінен келген мигранттар жапа шекті. 2 тәртіп сақшысы басанан зақым алды.

151129055355_clash_624x415_ap

Бұл туралы STAN.KZ BBC-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Македон әскері сым темірлі қоршау тұрғызып жатқан сәтте Грекияға, өзге де европаға өтпекші болған 250 адам оларды таспен атқылай бастаған. Полицейлер оларға қарсе әрекет ретінде шулы гранаттар қолданған.

Македония билігі шекараны тектен-тек жаппайтынын айтады. Олар қоршауды келімсектердің құжат көрсетіп өтетін арнайы орыннан өтуі үшін тұрғызғанын жеткізді. Ол орындардан тек Сирия, Ирак, Ауғанстан азаматтарының өтуіне рұқсат етіледі. Ал, сенбі күнгі қақтығыста көбіне Марокко, Иран, Пәкістан және Алжир елінің азаматтары қарсы шыққан. Бейсенбі күні олар сым темірлерді қайшымен қимақшы болған. Дүйсенбі күні бірнеше адам наразылық ретінде ауыздарын тігіп тастаған болатын.

Сенбі күні шекарадан өтпекші болған мароккалық азамат пойыз төбесінде тоққа түсіп, ауыр халде ауруханаға түсті.

Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, 1 қаңтар мен 25 қараша аралығында Грекия арқылы Орталық жәні Батыс европаға 721217 адам, оның ішінде 388130 сириялық өткен. 2014 жылы жыл бойына 34442 адам отсе, биыл тек қазан айында 217936 мигрант өткен. Осы айда 105-ке жуық адам грек-македон шекарасын асқан.

Талқылау