Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова ұлына гольф ойнауды үйретті (видео)

Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркия елінде демалып қайтты. Әнші демалыс кезінде елді тікұшақпен аралаған. Мұнымен қатар, жуырда 2 жасқа толған ұлына гольф ойнауды үйреткен.

000000

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияның Белек қаласындағы “Regnum Carya Golf & Spa Resort” кешенінде демалып қайтты. Әншінің бұл жолғы демалысы әдеттегісінен өзгеше болды. Себебі, ол қаланы тікұшақпен аралап, қалған уақытын кешеннің ішінде өткізді.

Аталған елде ұлының туған күнін атап өтіп, оған гольф ойнауды үйреткен. “Келген жеріміз сондай әдемі. Менің ұлым гольф үйренейін деп жүр. Құдай-ау, гольфисті қараңдаршы”, – дейді ол.

Ануар гольфист🏌 #РегнумГольфКлуб @Regnumcarya

Видео опубликовано Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Жастайынан спортқа деген икемділігі байқалса да, әнші сұхбаттарының бірінде болашақта мамандық таңдау мәселесін ұлының өзі шешетіндігін айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыздар:

Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгерткені үшін тыңдармандарының сынына қалды

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

Сәдуақасова мектепте өзіне сабақ көшірткен сыныптасын таныстырды (фото, видео)

Сәдуақасованың табиғатына жат бейнебаяны жарық көрді (видео)

Талқылау