Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова продюсер Айдарбековаға өзінің қатты ұқсайтынын байқап таңқалған

Мәдина Сәдуақасова сырт келбетінің Гүлзира Айдарбековаға қатты ұқсайтынын байқап таңқалған.

21373815_1430614090325436_4453718512849911808_n

Сурет: Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін желі қолданушылары Мәдина Сәдуақасова мен Гүлзира Айдарбекованың сырт келбеттерінде ұқсастықтарының бар екенін жарыса жазатын. Арасында оларды туысқандар деп ойлағандар да бар екен. Енді міне бұл ұқсастықты Мәдина Сәдуақасова да байқап, қатты таңқалған.

“Бұрындары көпшілік, Мадина екеуіңіз апалы-сіңлідей ұқсайсыздар деп жазып, айтып жатса, жай айтатын шығар деуші едім. Бүгінгі кеште Мадина “Байқайсыз ба, екеумізді көп адамдар ұқсатушы еді, шынында, бүгін өзім де байқадым” дейді. Сіздер не дейсіздер?” – деп жазады Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі ұқсатса, екіншілері продюсердің бұл жазбасын сынға алды. “Ұқсайсыздар. Бірақ, Мәдина сұлу”, “Қатты ұқсайсыздар. Тек бетте айырмашылық бар. Мәдина сопақтау, сіздің бетіңіз жалпақтау. Әлемісіздер”, “Мұрындарыңыз ұқсайды екен”, “Мүлдем ұқсамайсыздар. Тек макияж солай ұқсатып тұр. Мәдина боянбаса мүлде басқа адам. Жап-жас көрінеді. Сіз өз алдыңызға сұлусыз”, “Ренжімеңіз! Мүлдем ұқсамайсыздар. Мәдинаға сұлулық құдайдан берілген. Ол мүлдем басқа. Ал сіз өте ақылды, еңбекқор, тамаша жансыз”, “Екеуің де әдемісіңдер. Бірақ, ұқсастық жоқ”, “Аман болыңыздар! Алла тіл-көзден сақтап, мәртебелеріңіз биік, мерейлерің үстем болсын. Мен сіздерді жақсы көремін” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш шетелде Виктория Бекхеммен бірге өнер көрсетеді

Қайрат Нұртас әйелін жаңа әнінің бейнебаянына түсірді (видео)

Сәкен Майғазиев: Батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар

Күйеуі өзінен кіші танымал бикештер (фото)

Талқылау