Күйеуі өзінен кіші танымал бикештер (фото)

Сейсенбі, 5 Қыркүйек , 2017 15:28

Иә, махаббат жасқа қарамайды. Айналаға көз тастасаңыз, танымал жұлдыздар арасынан да, қарапайым халық арасынан да біршама жас айырмашылықпен теңін тапқан жандарға кезігесіз.

куйеуі кіші жулдыздар2

Бұл орайда Stan.kz назарларыңызға әйелінің жасы ерінен үлкен жұлдызды жұптар тізімін ұсынады.

Алтын дауысты Маржан Арапбаеваның күйеуі өзінен 4 жасқа кіші. Отбасы туралы жиі айта бермейтін әнші мұны бір сұхбатында мойындап қойған болатын. Алайда Маржан күйеуінің жасы кіші болса да, ой-өрісінің әлдеқайда ілгеріде екенін айтады.

Арапбаева М_070217

Мәдина Сәдуақасованың алғашқы некесінің сәтсіз аяқталғанын жұрт жақсы біледі. Есесіне сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаралаған әнші өзінен 7 жас кіші азаматтан бақытын тапты. Бүгінде Мәдина мен режиссер Олжас Смағұловтың ортақ бір ұлы бар.

MadinaSadvakasova_01

Иә, Ақбота Керімбекованың алғашқы екі некесі сәтсіз аяқталды. Десе де, қайсар мінезді қазақ қызы мойыған жоқ. Үш ұлын оқытып, аяққа тұрғызды. Әйел басымен үй салды. Ал жуырда үшінші рет тұрмыс құрған Ақботаның жары Рауан өзінен 8 жасқа кіші.

bandicam-2017-08-27-19-07-41-220

Бірнеше жыл бұрын отбасын құрған Ерлан Орынбасаров та жары Баян Нұрмышевадан 2 (кей деректерде 3) жасқа кіші. Бүгінде жұлдызды жұптың Назарәли және Зейін атты екі ұлдары бар.

Orynbasarov-090217

Олимпиада чемпионы атағынан айырылып қалса да, халықтың сүйікті ұлына айналған Илья Ильин жары Натальядан екі жасқа кіші болып шықты.

6(261)

Шоу-бизнестегі ең әдемі жұп – Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың жасында айырмашалық барын бірі білсе, бірі білмейді. Аша 1988 жылдың 22 желтоқсанында, ал Арман 1989 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген. Шындап келгенде Аша Арманнан небәрі бір ай бұрын дүние есігін ашыпты. Дегенмен, жылына қарасақ, Арман Ашадан бір жасқа кіші деп айтуға келетіндей…

20181290_1857911221197148_5376575069134782464_n

Иә, күні кеше жұбайын клипке түсіріп, елге таныстырған Қайрат Нұртастың құпиясы ашылатын күн алыс емес. Оның «Арман» атты фильмі алдағы айда көрерменге жол тартады. Қайраттың жары Жұлдыз өнер әлемінен алыс емес, мамандығы бойынша актриса. Екеуі өнер колледжінде бір уақытта білім алған. Алайда Жұлдыз Қайраттан бір курс жоғары оқыған-ды. Бұл туралы жұлдызды жұптың ұстаздары телеарнаға берген сұхбатында айтқан болатын. Бұдан өзге, әлеуметтік желілерде Жұлдыздың атынан ашылған парақшаларда оның 1988 жылдың сәуірінде дүниеге келгені жазылған. Ал Қайрат Нұртастың 1989 жылдың ақпанында туғанын бәріміз жақсы білеміз.

кайрат жулдыз 050917

Некесі сәтсіз аяқталған жұлдыздардың бірі – Ділназ Ахмадиева. Бұған дейін әнші ел алдына шығып, жарының опасыздық жасағанын мойындаған еді. Ал Ділназдың экс-күйеуі Ахмад өзінен 5 жасқа кіші болатын.

ahmadievy

Жіберіп алмаңыз:

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Қарақат Әбілдина: Зәбір көрген сәбидің ащы зарын естіп, көкірегім қарс айырылды (видео)

Ғазизхан Шекербеков “Қайрат Нұртас арқылы танылды” деп сынағандарға жауап берді

Қайрат Нұртас әйелін жаңа әнінің бейнебаянына түсірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар