Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Әбілқасымова қайғыдан қан жұтқан астаналық отбасыға барды

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өрт салдарынан ажал құшқан астаналық балалардың ата-анасына барып қайтты. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Мәдина Әбілқасымова

«Біз, министрлік өкілдері, отбасына барып, көңіл айттық. Кеше бардық. Министр (Мәдина Әбілқасымова – ред.) өзі барды», – дейді Жақыпова.

Министрдің өзі Үкімет отырысына келмеді. Оның орнына премьер-министрдің алдында вице-министр Светлана Жақыпова есеп берді.  Оның айтуынша, Әбілқасымова өткен аптадан бері денсаулық жағдайына байланысты демалыс алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау