Шынайылығың үшін: Луина дастархан шотын төлемей кеткен жас жігітке сыйлық жасады

Бейсенбі, 2 Қараша , 2017 16:25

Луина кафедегі дастархан шотын толық төлемей кеткен жігітке кешіріммен қарады. Әнші қателігін мойындап, хат жазып кеткен белгісіз жанға сый жасап қуантты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Әдетте мен караоке-бардың ішкі жұмыстарына араласпаймын, бірақ мына жағдайдан сырт айналып өте алмадым. Кеше біздің кафемізге қыз бен жігіт келді. Екеуі біраз отырған соң есеп-шотты сұратты. Ақшасы жетпейтінін түсінген соң, жігіт сомманың жарты бөлігін тастап, даяшыға хат қалдырып кеткен”, – деп бастады сөзін Луина.

Хатта жас жігіт дастархан ақысын толық төлей алмағанын айтып, кешірім сұраған. Ол өзімен бірге келген арудың болашақ жары екенін, оның алдында ұятқа қалғысы келмегенін атап өткен.

“Бұл ісім үшін кешірім сұраймын. 2500 теңгем жетпей қалды, не істерімді білмедім. Бірақ мен міндетті түрде қайтып келіп, төлеймін. Уәде. Жанымда болған қыз менің болашақ жарым. Оның көз алдында батпаққа батқым келген жоқ. Түсіністік танытады деп үміттенемін”, – делінген хатта.

Өз кезегінде дәмхана иесі Луина қателігін мойындаған жас жігітке сый жасады.

“Сіздің жағдайыңызға түсіністікпен қараймыз. Кешірім сұраудың, тіпті, ақшаны қайтарудың қажеті жоқ. Одан да қалыңдығыңызбен бірге біздің кафеге тағы келіңіз. Біз сіздерге екі адамға арналған кешкі асты тарту етеміз. Ұялмаңыз, маған жекеге хат жазыңыз”, – деп атап өтті Луина.

Өз кезегінде желі оқырмандары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі ғашығымен ара-қатынасы жайлы бар шындықты айтты

Ішімдік, казино, қыздар: “Алау” тобының жаңа бейнебаяны сынға ұшырады (видео)

Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)

Лирикалық әндерімен танылған Ғаділбек енді ырғақты ән жазып, би алаңдарын бағындырмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар