Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдік, казино, қыздар: “Алау” тобының жаңа бейнебаяны сынға ұшырады (видео)

Біраз уақыттан бері шығармашылық тоқырауда болған “Алау” тобы жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Баян Есентаеваның қарамағындағы жалғыз жігіттер тобы бұл жолы “Не қыл дейсің?” атты әнге ерекше бейнебаян таспалаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Жаңа клип тыңдармандар үшін күтпеген тосын-сыйларға толы болды. Біріншіден, жігіттердің образы өзгерген. Бұған дейін қарапайым қазақ жігіті кейпінде көріп үйренген тыңдармандар сәнқой әрі бұзық жігіттерді танымай қалғандарын жеткізді.

Кей тыңдармандардың пікірінше, “Алау” тобы 91-ге еліктей бастаған. Оған топтағы Әсеттің шаш бояуы, ал жаңа әннің Q-pop стиліне ұқсауы себеп болған. Бұдан өзге, бейнебаянда ішімдік, құмар ойын мен қысқа етекті қыздардың бой көрсеткені қалың көрерменге жақпай қалған сыңайлы.

“91 жастарға жаман үлгі көрсетеді дейсіңдер, бірақ оларда мына клиптегідей қысқа етекті қыздар мен алкоголь жоқ. Ән де мағынасыз, бұл жігіттер талантты, бірақ бір орында тұр”, – деп пікір білдірді Камила есімді тыңдарман.

Жіберіп алмаңыз:

Өмірқұл Айниязов алғаш рет 15 жасында танысқан әйелі туралы айтты (видео)

Актриса Назгүл Қарабалина “91” тобына ұқсаған гелзбенд құрды (фото)

Отандық жобаға қатысқан Қайрат Түнтеков көрерменмен жылап қауышты (видео)

Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)

Талқылау