Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереядан екі миллион доллар ұтып алған әйел қателесіп билетін лақтырып жіберген

Мичиган қаласының тұрғыны екі миллион доллар ұтып алған лотерея билетін байқамай лақтырып жіберген. Кейін оның күйеуі әйелі тастап жіберген билетті қоқыс жәшігінен тауып алған екен. Күйеуінің айтуынша, бұл әйелінің туған күніне сыйлаған сыйлық болатын. Ол қорғаныш қабатын өшіріп, ештеңеге ұтпадым деген оймен билетті лақтырып жіберген.

Лотереядан екі миллион доллар ұтып алған әйел қателесіп билетін лақтырып жіберген

Бұл туралы UPI хабарлады, деп  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әйелінің туған күніне сыйлық жасамақшы болған азамат ақшасының бекер жұмсалғанына сенбеді. Ол қоқыстан билетті тауып, лотерея машинасында тексерді. Сөйтсе олардың екі миллион доллар ұтып алғаны белгілі болды.

«Біз өзімізді жолы болған адамдар деп санамаймыз. Себебі, бұл жағымды тосын болды», – дейді ер адам.

Лотерея ережелеріне сәйкес, ұтыстар бірнеше жылдар бойы бөліп төленеді екен. Бірақ олар соманың бір бөлігінен бас тартса, бәрін бірден ала алады. Ерлі-зайыптылар соманың бір бөлігінен бас тартып, 1,3 миллион доллар ұтысты алған.

Оқи отырыңыз:

Әкесі ұлына бүйрегін беру үшін 51 келі салмақ тастады

“Манчестер Ситидің” жанкүйері әйелін бәске қойып, жеңіліп қалды

Хакерлер әлемдегі ең танымал видеоны YouTube желісінен өшіріп тастаған

Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, алты адам көз жұмды

 

 

Талқылау