Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон мэрі Оразаны қалай ұстайтынын айтып берді

Лондон қаласының басшысы өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, ораза ұстайтынын айтты.

khan

Сурет mk-london.co.uk

Guardian газетінің авторлық бөлімінде Садық Хан, ол үшін ең қиыны су мен тамақ емес, кофеден бас тарту қиынға соғатынын айтқан.

“Әдетте бәрінен де кофеин көбірек жетіспейді. Мен көптеген ұзаққа созылатын кездесулерге барамын (әрине, бұл жылы емес, өйткені енді менде әлемдегі ең үздік қызмет!) ал мұндай кезде жұмыс істеу үшін көп кофе ішуге мәжбүрмін. Осы жылы Рамазанға дайындалып, кофе ішуді азайттым. Тамақ жағынан еш қиналмаймын, оған үйреніп кетуге болады”, – дейді Хан.

Лондонның жаңа мэрі өзінің осы әрекеті арқылы, батыстық көзқарастардың алдында исламдық дәстүрді қалай қолдануға болатынын көрсеткісі келеді.

Сондай-ақ, ол Рамазан айы – “мұсылман қоғамы үшін пайдалы нәрселер жасауға және ислам туралы теріс түсініктерді қалпына келтіруге” мүмкіндік беретін сәт деп бағалады.

Бұған дейін сайтымызда ораза ұстаушыларға арналған тамақтану туралы кеңес және еліміздің барлық қалаларына арналған ораза кестесі жарияланған еді. Сондай-ақ, ораза тұтқандарға арналған 15 пайдалы кеңес пен пітір садақа мөлшері туралы да оқи аласыз.

Талқылау