Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде лифтіде мерт болған тележүргізушінің анасы: Мен оларды кешіремін

Ақтөбеде лифтіде мерт болған тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың ісіне қатысты сот жалғасып жатыр. Жәбірленуші тарап моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Айзат Әбдісамат

Ақтөбе қалалық сотында сотталушы лифт жөндеуші-электрик Жарылқасын Ақжанов жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, өзінің кінәсіз екенін айтты.

“Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Ал моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге төлеп беруге жағдайым жоқ. Менің мұнша ақшам жоқ. Қолымнан келгенше көмек көрсете аламын”, – дейді Жарылқасын Ақжанов.

Ал марқұм Айзат Әбдісаматтың анасы Айша Төлемісова сотталушыларды кешіретінін айтты.

“Мен оларды кешіремін. Десе де сотталушылар сол күні келіп, көңіл айтып, кешірім сұраса болар еді. Алайда олар тек 7 ай өткеннен кейін үйіме келді”, – дейді марқұмның анасы.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау