Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лифтіде мерт болған тележүргізушінің өлімі: Кінәлі деп танылған механик көз жасын тыя алмады 

Ақтөбеде “Жаңабек сервис” ЖШС басшысы Кенен Жаңабеков пен лифтіні жөндеген механик Жарылқасын Ақжанов сот алдында жауап берді.

Бұған дейін сот үкімі шығып, Кенен Жаңабеков шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Жарылқасын Ақжановтың 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік, де жазады “Диапазон”.

Кенен Жаңабеков сотта марқұмның жақындарына көңіл айтып, қателік жібергенін мойындады. Үйдегі жеделсатының техникалық паспорты болмаған. Техникалық тексеруден өтпеген. Бірақ бұл адамға зиянын тигізейді. Ескі лифтілер барлық жерде бар.

“Біз адамдар үшін жұмыс істедік. Олардың жоғары көтріле алуы үшін бәрін жасадық. Олардың ішінде қарттар мен мүгедектер де бар. Мен қателік жібердім. Бірақ соттан әділ шешім шығаруын күтем”, – дейді айыпталушы.

 

62 жастағы механик Жарылқасын Ақжанов сотта отырып жауап берді. Ол бұған дейін жүрегіне бірнеше рет ота жасап, сол себепті сот отырысы кейінге қалып отырды. Айыпталушы сотта көз тоқтата алмады. Көз жұмған Айзат секілді өзінің де қыздары барын айттты. Лифтіге жөндеу жұмысы жүрген соң өзі бір тексергенін, ол кезде ешқандай ақау болмағанын айтты.

Сараптамаға сәйкес, журналистің өліміне лифтінің есігін ашып-жабатын құралдары жұмыс істемеуі себеп болған. “Жаңабек сервис” ЖШС-нің аула сыпырушысы сотта механиктің лифтіге жалғастығыш құралдарын салғанын айтты.

“Бұл дәлелденген жоқ. Жалғастырғыш құралдарды салуға мүлде болмайды. Бұл адам өліміне әкеледі. Мен оны қоятындай өзіме өзім қас емеспін. 31 жылдың тәжірибем бар. Маған дейін басқа механиктер жұмыс істеген. Анасыз қалған балаға жаным ашиды. Ол енді тек қуаныштан ғана жыласа екен, – дейді

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау